Өрт 290 шаршы метр аумақта сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына өрттің жоғары шақырту бойынша күштер мен құралдар жедел түрде жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте шатырдың ашық жануын байқаған.
ТЖМ күштерімен 50 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Тұрғындар үшін арнайы автокөлік базасында жылыту пункті ұйымдастырылды.
Өртті сөндіруге 70-тен астам адам және 30-ға жуық бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу