banner

Ақтөбеде пәтерін су басқан тұрғындар көмек сұрайды

857

Қаланың Шанхай ауданындағы бесқабатты жатақхана 1985 жылы салынған.  

Ақтөбеде пәтерін су басқан тұрғындар  көмек сұрайды Фото: inbusiness.kz

Содан бері шатыры күрделі жөндеу көрмеген. Жаңбыр жауса, қар суы ерісе болды- жоғары қабатта тұратындар әбден мезі болады. Екі күн бойы еріген қар тағы да әбігерге салыпты.

Әуелі су асүйдің төбесінен ақты. Әлім жеткенше оны тоқтатып едім, қонақ бөлменің, әрі қарай  жатын бөлмеге қарай ауысты. Бір бөлменің өзіне 60 мың теңгем кетті.  "Домкомға"  өз қалтамнан жұмсаған ақшамды ертең ай соңында үйді күтіп-ұстауға беретін төлемақыдан шегер десем, көнбейді. Әркім өз пәтерінің төбесін, шатырдың  әр бұрышын жамап-жақсағанмен   болмайтын түрі бар. Шатырды толық жаңаламаса, осылай жалғаса береді.  Мысалы, осы қабатта  жеті пәтер болса, соның бесеуінің үйінің төбесінен осылай су сорғалап тұр. Модернизация деген бағдарламамен жөндетуге болады екен дегенді естіп, біз келісім бердік. Құжаттарды әкімдікке тапсырдық деп жазда айтып еді. Бірақ, әлі сең қозғалатын емес,- дейді  қаланың тұрғыны Серік Ғұмаров.

Пәтер иелері кооперативінің төрайымының сөзінше, Пожарский көшесіндегі 34 үйдің тұрғындарының 75-пайызы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде үйдің шатырын және сыртын жөндеуге келісімін берген.  Ал Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясындағылар құжаттарды  терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыратын оператор – "Ақтөбе" кәсіпкерлік-әлеуметтік корпорациясына тапсырғандарын айтты. Енді жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жасалады.  Жөндеуге бөлген қаражат  7 жылға 0,1 пайызбен беріледі. Оны тұрғындар осы жеті жыл ішінде бөліп төлеуі тиіс. Нақты осы үйге қатысты айтатын болсақ, биыл  жобалық-сметалық құжаттарды аяқтап, 2023 жылы модернизация жұмыстарын, яғни жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырмыз, -деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инпекциясының бас маманы Нұржан Нағыметов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу