Ақтөбеде полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған көпбалалы ананы құтқарып қалды

229

14 қазан күні полицияға үрейлі хабарлама келіп түскен.  

Ақтөбеде полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған көпбалалы ананы құтқарып қалды Фото: tumba.kz

Ер адам жұбайының қоштасу хатын жазып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтып, көмек сұрады.

Хабарды алған сәтте ол жұмыста жүрген, алайда жұбайының соңғы хабарламасын оқып дереу полицияға жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Осылайша патрульдік полиция батальонының инспекторлары суицидке бекінген әйелдің өмірін сақтап қалды. Шұғыл шақырту алған патрульдік полиция батальонының инспекторлары – Темірбек Сәбит пен Танбай Орынбасарұлы бірнеше минут ішінде оқиға орнына жетіп, әйелдің өмірін құтқару үшін батыл шешім қабылдады.

Полицейлер аулада орналасқан көше дәретханасында асылмақ болған әйелді байқап, дереу әрекет етті. Инспекторлар оны арқаннан босатып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Дер кезінде жасалған шешім мен кәсіби шеберліктің арқасында әйел аман қалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу