Ақтөбеде психотроптық дәрілік заттар тәркіленді

469

Ақтөбеде тек рецепт арқылы сатылатын дәрігер мен психотропты заттарды заңсыз сатқан екі күдікті қолға түсті.    

Ақтөбеде психотроптық дәрілік заттар тәркіленді Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Олардан ақша мен дәрі-дәрмек тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі тұрғынды ұстады.

– Күдіктілер тұрған пәтерді тінту кезінде полицейлер ақша, сондай-ақ рецептпен ғана сатылатын мыңнан астам дәрі-дәрмек және психотропты заттар тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, олар дәрі-дәрмектерді психотропты заттарды қолданатын адамдарға сатқан. Екі күдікті де есірткіге еліткен күйінде болған. Бұл сараптама кезінде анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу