Ақтөбеде саябақтағы аркаға жазу жазған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

116

Полиция қызметкерлері вандализм фактілерін, қалалық инфрақұрылым нысандарына заңсыз жазулар жазу деректерін анықтау бағытында жұмыс жүргізуде.

Ақтөбеде саябақтағы аркаға жазу жазған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Ақтөбеде екі жасөспірім қалалық саябақтағы аркаға маркермен жазу жазып, қала мүлкін бүлдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиға 8 қарашада Орталық саябақтағы Достық аллеясында болған. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары екі жасөспірімнің аркаға жазу қалдырғанын тіркеген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзған жасөспірімдерді анықтап, бөлімге жеткізді. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция қала мүлкін бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу