Ақтөбеде шошқалар сатылуда

1071

Оған бұл малдың "тез бұзылатын өнім" деп танылуы себеп болған. 

Ақтөбеде шошқалар сатылуда

Ақтөбеде "Парижская коммуна ХХІ" ЖШС-ына тиесілі шошқалар сатылып жатыр. Үш күн ішінде 792 шошқа малы сатылып кеткен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, биыл 22 қараша күні мемлекеттік сот орындаушысы А. Ерекенов 2021 жылғы 13 мамырдағы "Парижская коммуна ХХІ" ЖШС-нен мемлекет кірісіне 7 027 459 824 теңге, жергілікті бюджет кірісіне 210 823 795 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы сот шешімін орындау барысында ауданаралық экономикалық соттына жануарларды тез бұзылатын мүлік ретінде танып, комиссия шарты бойынша сатуға өтініш жасайды. Оған серіктестіктің қызметі уақытша тоқтатылуы шошқа басының кемуіне әсер етіп, сол жердегі Бестамақ ауылы тұрғындарының наразылығын одан әрі туғызуы мүмкін екендігі себеп болған. 

Аталған соттың 22 қараша күнгі шешіміне сәйкес, сот орындаушысының өтініші қанағаттандырылған. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы ауданаралық экономикалық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырып, борышкердің жеке шағымын қанағаттанарлықсыз деп шешеді. 

Осылайша, 24 желтоқсанынан бастап сот орындаушылары сот шешімдерін орындауға кірісті. Мемлекеттік сот орындаушының қаулысына сәйкес, 27 желтоқсанға дейін жалпы саны 792 тізілімге енген шошқа малы сатылған. Сауда-саттық әлі жүріп жатыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу