Ақтөбеде соңғы он жылда ескерткіш орнатуға 300 млн теңге қаржы жұмсалған

584

Соңғы он жылда Ақтөбеде оншақты ескерткіш орнатуға 300 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбеде соңғы он жылда ескерткіш орнатуға 300 млн теңге қаржы жұмсалған Фото: Горожанин Актобе

"Горожанин Актобе" арнасының хабарлауынша, Ақтөбеде жаңа ескерткіштерге миллиондаған қаржы бөлінгенімен, тарихи музейді қалпына келтіруге ақша табылмаған. 

Ал бұл ескерткіштердің барлығының ортақ тұсы – арзан және сапасыз материалдардан жасалған және барлығы дерлік мемлекет қаражатына салынған. Көптеген ескерткіштер облыстың тарихи-мәдени мұралар тізіміне де енген.

"Ескерткіштер мен бюсттер бір-біріне ұқсас және композициялық немесе құрылымдық жағынан ешбір жағынан ерекшеленбейді. Тұғырлар үшін арзан материалдар алынады, жұмыс сапасы ақсап, уақыт өте келе сапасының нашарлап кетуі де осыдан", - деп жазады автор.

Автордың айтуынша, ашық ақпарат көздері мен сауалдарға берілген жауаптар бойынша небәрі 6 ескерткішке 300 миллион теңге жұмсалған.  Бұл қаржы бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратын қалпына келтіруге жеткілікті болар еді. Ал жұмсалған қаржысы анықталмаған кемінде тағы 10 ескерткіш бар.

"Ең сорақысы – жаңадан соғылған бұл ескерткіштер қорғалатын тізімге енгізілген. Ал сол жерден нақты тарихи ескерткіштер жойылып бара жатыр",  - делінген материалда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу