Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 13 отбасы баспаналы болды

972

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 13 отбасы баспаналы болды

5 жанұяға "Нұр Ақтөбе" шағын ауданынан пәтер кілті салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды 24 кz.

Су тасқыны кезінде барлығы 600 саяжай үйін су басқан. 81 үй тұруға жарамсыз болып, қирап қалды. Тасқынның беті қайтқаннан кейін, 7 мобилді топ үй-үйді аралап, материалдық шығынды есептеп шыққан болатын. Дайын пәтерден бөлек, 66 тұрғынға жер телімі берілді. Олар қала маңындағы Қурайлы, Сазды, Қызылжар ауылдық округтеріне орналасады. Оларға үй құрылысына 1 млн теңгеден бөлінді. Қаражат қала әкімдігінде арнайы құрылған қайырымдылық қорынан алынған. Сондай-ақ "Кірпішті" ауданында орналасқан  200-ден астам саяжайға "жеке тұрғын үй" құжаты беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу