Ақтөбеде суды заңсыз пайдаланған 5 кәсіпорын әшкереленді

178

Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесінің мамандары су қорын қорғау және пайдалану талаптарына қатысты облыстың 5 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тексеру жүргізіп, заңсыздықтарды анықтаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде суды заңсыз пайдаланған 5 кәсіпорын әшкереленді Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Өңірдің Қобда және Қарғалы аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласының Ақжар-1, Қызылжар, Қарғалы, Жоғарғы Қарғалы, Өрлеу және Сазды тұрғын аудандарында жерасты суларын заңсыз пайдалану фактілері тіркелген. Екі кәсіпорынның су бұруға рұқсаты болмаған.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, 5 коммуналдық шаруашылыққа су пайдалануға арнайы рұқсаттың жоқтығы үшін айыппұл салынды. Барлығы 3,7 млн теңге өндірілді", – деді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ерғали Үмбетбаев.

Бұған дейін Қызылорда облысында 6 шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны анықталған болатын. Ал Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу