Ақтөбеде тәртіп сақшыларын тексергісі келген тұрғынның үстінен іс қозғалды

551

Жалған ақпарат берген адамға ҚР терроризм акті 273 - бабы бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбеде тәртіп сақшыларын тексергісі келген тұрғынның үстінен іс қозғалды

Ақтөбе қаласында полицияға қоңырау шалған ер адам жатақханалардың біріндегі бөлмеге жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Оқиға орнына полиция жасағы, жедел тергеу тобы мен шұғыл көмек көрсету қызметі дереу жетіп, саперлер бөлмелерді тексеріп шыққан. Абырой болғанда, ешқандай жарылғыш заттар мен бұйымдар табылған жоқ.

Белгілі болғандай, көпті әбігерге түсірген осы жатақхананың 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бұрын да жазасын өтеу орнында отырып шыққан екен. Ащы суға тойып отырып, полицияның қалай жұмыс істейтінін сынап көрмек болыпты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК терроризм акті бойынша жалған ақпарат беру жөніндегі 273 - бабы бойынша іс қозғалып, күдікті қаладағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу