Ақтөбеде тазалық мекемесі тұрғындардан негізсіз ақы жинаған

400

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде тазалық мекемесі тұрғындардан негізсіз ақы жинаған Фото: inbusiness.kz

Коммуналдық мекеме қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысқан.

Ақтөбенің әкімдігі 21 тамыздан бастап қоқыс шығарғаны үшін тарифті өсірген болатын. Ал тазалыққа жауапты кәсіпорын абоненттерге шілде айынан бастап артық төлем жүргізгені белгілі болды. Ол 42 млн теңгені құраған.

Қазір олыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ағымдағы жылдың шілде айындағы түбіртектерде қайта есептеу жүргізу туралы хат жолдады. 

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, бүгінгі күні 171 401-ден астам абоненттің қаражаты қайта есептелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу