Ақтөбеде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды

193

Ақтөбеде той кортежіне қатысқандар жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Ақтөбеде той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды Фото: бейнежазбадан

Ақтөбе облысында үйлену тойына арналған автокөлік кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды. Полиция әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаны зерделеп, заң бұзушылықтарға қатысты шара қабылдады.

Кадрларда көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың терезеден шығып кеткені байқалады. Сонымен қатар кей жүргізушілер рөлде келе жатып ұялы телефон пайдаланған және қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттер жолдағы өзге де азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

"Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан барлық көлік жүргізушілері мен жолаушыларды анықтады. Құқық бұзушылардың барлығы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір көлік арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу