Ақтөбеде 4 күн бұрын суға кеткен жасөспірім әлі табылмады

169

Оқиға орнында іздестіру-құтқару топтары жұмыс істеп жатыр. 

Ақтөбеде 4 күн бұрын суға кеткен жасөспірім әлі табылмады Фото: El.kz

Ақтөбе облысында өзенге батып кеткен оқушы төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мектеп оқушысы 5 маусым күні суға кеткен. Оқиға Ырғыз ауданы Мамыр ауылында болған. 

Облыстық ТЖД дерегінше, 2009 жылы туған жасөспірімді іздестіру жұмыстарына арнайы жасақталған іздестіру-құтқару топтары жұмылдырылды. 

"Қатты жел өзен ағысын күшейтіп тұр. Су түбі лай, көрінбейді. Бұл – үлкен кедергі. Барлығы 42 адам, олардың ішінде 12-сі төтенше жағдайлар қызметкері жүр. Әкімдіктен 5, полициядан 5 қызметкер барды. Бұдан басқа еріктілер бар. Су астындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін су асты дроны да іске қосылған", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына бүгін қосымша күш аттанды. Сүңгуірлер мен кинологтар да жұмыс істеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу