Ақтөбе қаласында тұңғыш рет жүзу, жүгіру, велосипед жарыстарынан командалық триатлоннан қала чемпионаты өтті, деп хабарлайды "Ақтөбе" газеті.
Жарыстың бірінші кезеңі жүзуден басталды. Суда жүзушілер 200 метр қашықтыққа жарысты. Олардың қатарында қала әкімі Ілияс Испанов та болды. Күн жел, су толқынды болса да спортшылар бұл сайыстан сүрінбей өтіп, кезекті веложарысқа берді. Велосипедшілер су қоймасынан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдени-демалыс саябағына дейін, яғни жиырма шақырым қашықтыққа жарысып келді. Осы жерде олар эстафетаны жүгірушілерге берді. Жеңіл атлеттер паркті айнала 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Жүгіруден Александра Ермамбетова бірінші келді.
Ал отыз жастан асқандар арасындағы жүгіруден бірінші келген 49 жастағы Шыңғыс Төлеуов жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ал жүзуден бірінші келген 17 жастағы Аида Аймұраттың спортпен айналысқанына он жыл болыпты.