Ақтөбеде тұрақтандыру қорына бөлінетін қаржы енді ірі супермаркеттер желісіне беріледі

1181

Қазіргі таңда тұрақтандыру қорына бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылып келеді. Себебі азық-түлік өнімін тасымалдайтын оператор жүкқағаз үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр.

Ақтөбеде тұрақтандыру қорына бөлінетін қаржы енді ірі супермаркеттер желісіне беріледі

"Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қордағы азық-түлікпен барлық халықты қамтамасыз ете алмай отырғанын мойындады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қазіргі таңда тұрақтандыру қорына бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылып келеді. Себебі азық-түлік өнімін тасымалдайтын оператор жүкқағаз үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр. Ал бұл үш жылда 32,5 млн теңге шығын әкелген. Сондай-ақ, қордың азық-түлігін облыс тұрғындарының тек 5 пайызы ғана пайдаланып отыр.

Осыған орай, "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрақтандыру қорына бөлінетін қаржыны қаладағы ірі супермаркеттер желісіне бермек.

"Тұрақтандыру қорының ережесіне сәйкес, қор облыс тұрғындарының 20 пайызын қамтуға тиіс. Қала тұрғындарының 40 пайызы "Анварға" барады екен. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаладағы тұрақтандыру қорын "Анварға" беру жайында келіссөздер жүргізіп жатырмыз", — деді "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Әнуар Маханов.

Оның сөзінше, осы келісімнің арқасында қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағалары тұрақты болады және қала тұрғындарының 40 пайызы тұрақтандыру қорының азық-түлігін пайдалана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу