Ақтөбеде тұрғын үйге жапсарлас орналасқан нысанның шатыры өртенді

378

Зардап шеккендер жоқ.  

Ақтөбеде тұрғын үйге жапсарлас орналасқан нысанның шатыры өртенді Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан супермаркеттің қазандығы шатыры жанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт туралы хабарлама Әйтеке би көшесіндегі нысаннан түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жетіп, өртті оқшаулады. Құтқарушылар жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу