Ақтөбеде тұрғын заңсыз төккен қоқысты жинауға міндеттелді

478

Полиция абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ақтөбеде тұрғын заңсыз төккен қоқысты жинауға міндеттелді Фото: polisia.kz

Ірі көлемдегі қоқысты белгіленбеген жерге төккен Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоршаған ортаға келтірілген залалды өз күшімен жоюға міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

9 қараша күні полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының сыртында, Ақжар елді мекеніндегі карьер маңында ірі көлемдегі қалдықтардың заңсыз төгілгенін анықтады.

Тексеру барысында жергілікті тұрғынның ЗИЛ маркілі жүк көлігімен қоқысты қалдықтарды төгуге арналмаған аумаққа түсіргені белгілі болды.

Сонымен қатар ер адам төгілген қоқысты өз күшімен жинап, арнайы полигонға жеткізу міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу