Ақтөбеде тұрғындар қара түнекте қаламыз деп қорқып отыр

316

Оған көпқабатты үйдің салынатын дүкен  себеп.

Ақтөбеде тұрғындар қара түнекте қаламыз деп қорқып отыр Фото: inbusiness.kz

Ақтөбедегі 12-шағын ауданның тұрғындары шу шығарды. Тоғызқабатты үйдің алдынан дүкен  салынса,  тереземізді  көлегейлеп, үйімізге жарық түсірмейді қояды дейді. Қазір нысанға бөлінген аумақты  қоршап, құрылыс жұмыстарына дайындық басталған.

"Ертең дүкенді салса, шамамен 8,5 метр биіктік болады дейді, сонда менің пәтерімнің бүкіл тереземді жабайын деп тұр.  Мен қарсымын! Мен ғана емес, біздің үйдің тұрғындарының 80 пайызы қарсы деп ойлаймын. Неге компания рұқсат сұрамады бізден? Құрылысты тоқтатпаса, соттасуға дейін барамын!",- дейді қала тұрғыны Бибігүл Қартова.  

Көршісінің пікірін өзге тұрғындар да растады. Олар компанияның тиісті талап пен құрылыс ережелерін сақтағанына күмән келтіріп отыр.

"Бұл құрылысқа қатысты  ешкім рұқсат сұрамады. Ғимараттың қабырғаларын тұрғызғанда 3-4 қабаттың терезелеріне сәуле түспейді.   Сосын дүкен мен үйдің ара қашықтығы да өте жақын- небары 6-ақ метр",- дейді тұрғын Әйгерім Бөлекова. 

Қалалық әкімдіктегілер болса, тапсырыс беруші компанияның барлық рұқсат қағаздары бар екенні алға тартты. Жоспар бойынша нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

"Тапсырыс беруші - Анвар" ЖШС. Шілде айында сәулет-жоспарлау туралы құжаттарын тапсырды. Жер учаскесіне берілген қағаздарының негізінде эскизі мақұлданған. Жоба бойынша  ғимараттың биіктікі 8 метр болады. Ал үйден 12 метр қашықтықта орналасады. Бұл барлық ережеге сай. Біз өз тарапымыздан нысан құрлысы басталмай тұрып сол аумақтағы тұрғындармен жиналыс өткізсін деп айтамыз. Тапсырыс берушінің қолында жиналыс өткендігі туралы хаттамасы болды",- дейді Ақтөбе қалалық сәулет бөлімінің бас маманы Жанар Мақашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу