Ақтөбеде тұрғындар сушиден уланып, 8 адам жұмыстан шеттетілді

144

Эпидемиолог мамандар бірнеше сынама алды.

Ақтөбеде тұрғындар сушиден уланып, 8 адам жұмыстан шеттетілді Фото: canva

Ақтөбеде суши жеп, ауруханаға түскен адамдар қазір ем қабылдап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары 8 қызметкерді жұмыстан шеттетті.

– Барлығы 8 адамның уланғаны туралы дерек тіркелді. Оның төртеуі ауруханада жатыр, ал төртеуі үйден ем қабылдады. Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімнен сынама, құрал-жабдықтардан жұғынды алып, талдау жүргізу үшін зертханаға жіберді. 8 адам жұмыстан шеттетілді. Тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлады облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу