Ақтөбеде түрмеде майонез банкаларына жасырылған телефон тәркіленді

328

Аталған дерек бойынша 22 жастағы ер адам ұсталды.  

Ақтөбеде түрмеде майонез банкаларына жасырылған телефон тәркіленді Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінде сотталғанға ұялы телефонды жасырын жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қызметкерлер майонезден босаған екі пластик банканың ішінен Nokia маркалы ұялы телефон мен SIM-картаны тапқан. Тексеру кезінде банкалардың бірінің түбі кесіліп, тыйым салынған заттарды жасыруға арналған арнайы қуыс жасалғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша 22 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасағаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу