Ақтөбеде үйдің шатырынан 25 келіден астам марихуана тәркіленді

389

3 күдікті ұсталды.

Ақтөбеде үйдің шатырынан 25 келіден астам марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс орталығының үш тұрғыны ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғын үйлердің бірінде жүргізілген тінту барысында қызметтік иттің көмегімен үйдің шатырынан көлемі 50 және 25 литр болатын екі бөшке табылды. Олардың ішінен өсімдік тектес зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 25 келіден асады.

Сонымен қатар екінші күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде полиция қызметкерлері есірткі заты болуы мүмкін пакет пен есірткі тұтынуға арналған құралдарды анықтап, тәркіледі.

Алдын ала мәліметтер бойынша ұсталған 3 азаматтың барлығы да ұстау кезінде есірткілік масаң күйде болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ есірткі заттарының жеткізілуі мен таралуының ықтимал арналары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу