Ақтөбеде автобус жалған нөмір тағып оқушыларды тасымалдаған

241

Облыс аумағында "Жалған нөмірлер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.  

Ақтөбеде автобус жалған нөмір тағып оқушыларды тасымалдаған Фото: polisia.kz

Бір күнде ереже бұзған 169 жүргізуші анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция таратқан мәліметке сүйенсек, жалпы рейд аясында қарсы бетке шығып кеткен 11 жүргізуші, алкогольді мас күйде рульге отырған 3 жүргізуші, мемлекеттік нөмірі мүлде жоқ көліктерді жүргізген 11 жүргізуші анықталды.

Солардың бірі, Ақтөбе қаласында оқушыларды таситын автобус иесі болған. Ол автобусқа жалған нөмір тағып алып жүре берген.

Барлығы 23 көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды, оның ішінде 9 шетелдік есептегі автокөлік бар.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу