Ақтөбеде жаңа әуе рейстері ашылды

602

Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдан бес бағытта халықаралық рейс ұшатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбеде жаңа әуе рейстері ашылды

Ақтөбеліктер 19 қазаннан бастап Таиланд, Пхукет аралдарына, 24 қазаннан бастап Дубайға, қарашадан бастап Ташкентке, сондай-ақ Самараға ұша алады. Одан бөлек, ішкі рейс те жаңартылып отыр. Ақтөбеден Орал қаласына 1 қарашадан бастап тұрақты рейс ашылмақ. Ал 2023 жылдан бастап Ақтөбеден Көкшетау, Өскемен, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Үрімжі, Чехия астанасы Прагаға жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр. 

Бүгінде халықаралық әуежай 12 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Былтыр әуежай 750 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, 20 мың тоннадан астам жүк қабылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу