Ақтөбеде жаңа сыйақы пайда болмақ

964

Ол вандализм дерегін хабарлаған адамға беріледі 

Ақтөбеде жаңа сыйақы пайда болмақ

Ақтөбеде қоғамдық мүлікті бүлдірген, қоқысты кез-келген жерге лақтырып кеткен, вандализмге жол берген адамдар жайлы хабарлаған тұрғындарға сыйақы берілмек. Оған бюджеттен қаражат бөлінбейді, сыйақы қорын жанашыр кәсіпкерлер өз мойнына алмақ, – деп жазды inbusiness тілшісі. 

"Егер біз қаламыздың таза болғанын, ортақ мүліктердің ұқыпты сақталуын қалайтын болсақ, тұрғындарды тәртіпке шақыруымыз керек. Заңды түрде талапты күшейіп, вандализм әрекеттерін хабарлаған адамға сыйақы тағайындау механизмін айқындауымыз керек",– деп түсіндіреді қала әкімі Асхат Шахаров. 

Қазіргі күні заңсыз әрекеттерді полицияға жеткізу үшін фото және видео айғақтарды ұсыну жолдары мен төленетін сыйақы көлемін анықталып жатыр. Расы керек, қала басшылығы мұндай шараға амалсыздан барып отыр. Себебі, соңғы кезде жан-жағын бүлдіріп, сындырып, қиратып кету сияқты әрекеттер жиілеп кеткен. Мұндай бұзақылықтар қаланы көркейту үшін жасалған қыруар жұмысты жоққа шығарып, еңбекті еш қылып отырғаны да жасырын емес.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу