Ақтөбеде жаңа театр салынып жатыр

59

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2 жылда аяқталуы тиіс.  

Ақтөбеде жаңа театр салынып жатыр Фото: gov.kz

Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметніше, 700 орындық мәдени нысанның астыңғы бетон қабаты төселіп, іргетасы қаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

81 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ескі театр ғимараты 2020 жылы күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта онда екі театр труппасы жұмыс істейді – қазақ және орыс. 

Жаңа театрдың қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы өңірге сапары кезінде атап өткен болатын. Ғимарат "Алтын Орда" шағын ауданында салынады. Жаңа театрда екі зал, сахнада бұрылыс шеңбері, сондай-ақ гримерлер мен костюмерлерге арналған кең бөлмелер болады.

Сондай-ақ театрдың жанында үлкен саябақ салу жоспарланып отыр. Жоба "Алтын орда" әлеуметтік-іскерлік орталығының аумағында болады. Бұл орталықта театрдан бөлек 35 мың көрерменге арналған стадион, 5000 орындық спорт кешені бой көтереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу