Ақтөбеде жанар-жағармай сорғы стансасы отқа оранды

257

Оқиға 19 тамыз Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы 41-разъезде болған.    

Ақтөбеде жанар-жағармай сорғы стансасы отқа оранды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Тілсіз жау 126 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“ЖШС аумағында жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған жеке тұрған бір қабатты сорғы станциясының ғимаратында өрт шықты. Өрт аумағы 126 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу