Ақтөбеде жанармай құю станциясының иесін өлтірді деген күдікті ұсталды

942

Күдікті – марқұмның көршісі.

Ақтөбеде жанармай құю станциясының иесін өлтірді деген күдікті ұсталды Фото: Видеодан скриншот/aktobe_sergek

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкердің өліміне қатысты күдікті 2 күннен кейін ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында анықталған. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиев күдіктінің ұсталғанын растады.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Қылмысты ашу үшін Ақтөбеге ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ІІМ бақылауында", – деп хабарлады полиция департаментінен.

Еске салайық, қайғылы оқиға 16 қараша күні таңертең Ақтөбе қаласында болды. 49 жастағы Айболат Жисов өз үйінің ауласында атыс қаруынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Марқұм танымал жанармай құю станциялары желісінің директоры қызметін атқарған. 

Қанды оқиға қаланың элиталық шағын аудандарының бірінде орын алды. Марқұмның үйі биік қоршаумен қоршалып, аумағына бейнебақылау камералары орнатылған. Дегенмен қылмыскердің үйге қалай кіргені және оқиғаның қалай өрбігені әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу