Ақтөбеде жедел жәрдемге жол бермеген жүргізушілер жазаланды

134

Жергілікті полицейлер дабыл белгісі қосылған көліктерге, оның ішінде жедел жәрдемге жол беруге шақырды.

Ақтөбеде жедел жәрдемге жол бермеген жүргізушілер жазаланды Фото: Евромед

Жыл басынан бері 6 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мәселен 23 шілде күні жедел жәрдем қызметі шұғыл шақыртуға бара жатты. Сол кезде Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі дабыл белгісіне қарамастан жол бермей, қозғалысын жалғастырған. Оқиға орнында болған патрульдік полиция экипажы жүргізушіні тоқтатып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 598-бабы бойынша хаттама толтырды", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Заңға сәйкес арнайы қызмет көліктеріне жол бермегендерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл талапты барлық жүргізуші сақтауы тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу