Ақтөбеде жоғалған студенттің денесі көпірдің астынан табылды

366

 Студент 13-қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Ақтөбеде жоғалған студенттің денесі көпірдің астынан табылды Фото: inbusiness.kz

19 жастағы жігіт Ақтөбедегі  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыған.

Ақтөбе облыстық полицтя департаментінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде сағат 19.30-да Заречный ауылының қасындағы көпірдің астынан "Юрта" мейрамханасының жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған.

Қазір Қылмыстық кодекстің  "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер сараптама тағайындап, себебін анықтап жатыр.

Білім алған оқу ордасы марқұмның жарқын жүзді, болашағынан үміт күттірген  студентьердің бірі болып еді деп еске алады. Сабақ үлгерімі де  жақсы болған, белсенді студенттердің қатарынан болыпты.

"Жұбанов университеті дүниеден озған студенттің ата-анасына және жақындарына қайғырып көңіл айтады. 

 Бұл – бәріміз үшін де орны толмас қайғылы жағдай" деп мәлімдеді жоғары оқу орны басшылығы.

Бұған дейін Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салғанын жазған едік. Оқушының денесі көршісінің сарайынан табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу