Ақтөбеде жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды

81

Тергеу барысында 30 жастағы ер адамның интернет арқылы жалған хабарландырулар орналастырып азаматтарды алдағаны анықталды.  

Ақтөбеде жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде интернет арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазір оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен 6 адам анықталды: үшеуі Ақтөбеден болса, қалғандары Алматы, Түркістан облыстарынан. Жәбірленушілердің барлығы Алматы қаласынан бірнеше тәулікке пәтерді жалға алмақ болған. Күдікті олардан 20 мыңнан бастап 130 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұраған. Ақша аударымын алғаннан кейін байланысты үзген. Осындай жолмен ол азаматтардан 300 мың теңгеге жуық ақша иеленген. Бұл қаражатты ол құмар ойындарға жұмсаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еліміздің басқа өңірлерінде оның осындай әрекетінен зардап шеккендердің бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу