Ақтөбеде жол апатынан алты адам қайтыс болды

775

Жүргізуші мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмса, төртеуі аурухана төсегінде қайтыс болған.  

Ақтөбеде жол апатынан алты адам қайтыс болды

Қайғылы оқиға Бестамақ ауылына жақын Ақтөбе – Астрахань трассасында болған.

"Алдын ала болжам бойынша, "Toyota" автокөлігінің 24 жасар жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, 46 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан "Лада-Ларгус" көлігімен соғысқан, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

Апат орнына бес адам жақын жердегі Алға аудандық ауруханасына жеткізілген, бірақ олардың барлығын бірдей құтқару мүмкін болмаған. Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу