Ақтөбеде жолаушылар пойызының бастығын өлтіріп кетті

274

Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жолаушылар пойызының бастығын өлтіріп кетті Фото: canva

Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде, Кереев көшесінде жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын өлтіріп кетті.

Марқұм сол күні демалыста жүрген. 

– Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу