Ақтөбедегі ауылдардың бірінде құрылысына 330 млн теңге жұмсалған спорт кешені ашылды

373

Мәртөк ауданының Родников ауылында дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбедегі ауылдардың бірінде құрылысына 330 млн теңге жұмсалған спорт кешені ашылды Фото: inbusiness.kz

Жаңа ғимаратта үш зал бар. Жаттығудан соң жуынатын бөлмелер де салынған.

Спорт кешенінде тек балалалр ғана жаттықпайды, кешке қарай ауылдың барлық тұрғынына есігі ашық.

"Мұндай спорт кешенін ауданымыздың алты ауылында салу жоспарладық. Халқы 1 500 адамнан көп ауылдарды таңдадық. Соның бесеуінде құрылысы аяқталып, пайдалануға бердік. Келесі жылы Қаратоғай ауылында бой көтереді", – деді Мәртөк ауданының әкімі Алмас Салықбаев.

Жаңадан ашылған спорт кешенінде жастарды қазақ күресі, белбеу күресі, самбодан бөлек, гір көтеруге баулиды. Үйірмеге бес жастан бастап қабылдайды. Жаттықтырушыларды қаладан арнайы алдыратын болады.

"Ауылға спорт орталығы жетпейтінін бұрыннан айтып жүргенбіз. Өзім осы ауылда туып-өстім. Мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Бос уақытымда балаларды мектептің акт залында, мәдениет үйінің бос бөлмесінде, кілем де жоқ, киіздің үстінде жаттықтырып жүретінмін. Енді жаңа кешеніміз бар, енді бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеуге шабыт беретін болды", –  дейді жаттықтырушы Азамат Жалғасов. 

Родников ауылы – чемпиондарға бай. Кішкентай ауылдан екі әлем чемпионы, бес спорт шебері мен 30-ға тарта спорт шеберлігіне үміткер шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу