Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жол апатына байланысты қаладағы мерекелік шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 25 қазан күні сағат 19:00-де "Қазақ халқына мың алғыс" алаңында өтуі жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде орын алған жағдайға байланысты өтпейтіндігін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.
Еске салайық, қайғылы оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент тас жолының Белқопа ауылы маңында болған. DAF жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаған "ГАЗель" көлігі соқтығысып, салдарынан12 адам қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу