Ақтөбедегі мұнай компанияларының жұмысы тексеріледі

497

Энергетика вице министрі Әсет Мағауов облыстағы бірнеше кәсіпорынға баруды жоспарлап отыр деп жазады inbusiness.kz. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақтөбедегі мұнай компанияларының жұмысы тексеріледі Фото: google

Атап айтқанда, шенеунік жұмыс сапары шеңберінде "Лимб-2" ЖШС, "Қазақтүрікмұнай" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ секілді өндірістік объектілердің жұмысымен танысады.

"Сондай-ақ вице-министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірлік коммуникациялар алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады" - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу