Ақтөбедегі Президент резиденциясы балалар үйіне берілетін болды.

886

Бұл туралы облыс әкімінің іс басқармасы хабарлады.   

Ақтөбедегі Президент резиденциясы балалар үйіне берілетін болды. Фото: inbusiness.kz

Балалардың игілігіне резиденция орналасқан аумақтағы екі қабатты қонақ үй ғана беріледі екен. Оның жалпы аумағы - 500 шаршы метр. Ол резиденция тұрған аумақтың төрттен бір бөлігін құрайды. Ал қалған нысан  – "Казхром" ТҮК" АҚ балансында тұр.

"Резиденцияда 2008 жылы салынған екіқабатты қонақ үй бар. Ол – мемлекеттің меншігі. Сол үйді балалар үйіне беру мәселесі шешілуде. 500 шаршы метр аумақтың шамамен 40 пайызы - тұрғын бөлмеге арналған. Егер балалар тәулік бойы тұратын орынға айналдырсақ, ол кезде бала саны 25-тен аспауы керек. Қалған аумақ шаруашылық мақсатта қолданылуы тиіс, ереже солай. Қазір "Казхром" АҚ-мен жер бөлу жұмыстары туралы келіссөздер жүріп жатыр. Себебі,  екіқабатты ғимаратқа кіріп-шығатын бөлек  жол салынуы тиіс. Одан бөлек, балалар ойын алаңы болуы тиіс",- деді Ақтөбе облысы әкімінің іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу