Ақтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

168

36 жастағы ер адам қайтыс болды.

Ақтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Іс қылмыстық кодекстің "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы бойынша қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 292 баптың 2 тармағы бойынша іс қозғалды. 

– Хабарлама сағат 18:34-те түсті. Оқиға орнына келген кезде 4 және 5-қабаттардың өртенгені, 4-қабаттың едені опырылып, үшінші қабатқа түскені анықталды. Өртке 16 техника, 52 адам жұмылдырылды. 73 адам эвакуацияланып, бір адамды бесінші қабаттан құтқардық, – деді облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Қашқанов.

Айта кетейік, Ақтөбеде пәтерде жарылыс болып, бір адам оқиға орнында қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндірді. Жалын 40 шаршы метр жерді шарпыған. Газ-ауа қоспасының жарылысы төртінші қабатта болған. Аралықтағы бетон блоктардың ішінара құлағаны анықталды. 73 адам эвакуацияланып, 11 адам жатақханаға орналастырылды. Басқалары туыстарының үйін паналаған.

Әзірге жарылысқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүлінген пәтерлерді қалпына келтіруге бола ма, жоқ па, ол сараптамадан кейін анықталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу