"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қостанай өңірінің келешектегі газ тұтыну қажеттігін жабу үшін Ақтөбе облысынан "КС-14 - Қостанай" маршруты бойынша жаңа газ магистралын қарастырылып жатыр. Қазір Қостанай облысының тауарлық газ тұтыну көлемі қайта есептеліп жатыр, – деді QazaqGaz басшысы "Самұрық-Қазына" қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.
Сондай-ақ, ол Көкшетау мен Петропавл қалаларын "Сарыарқа" магистралы арқылы газдандыру жобасы әлі күшінде екенін еске салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу