Ақтөбелік ауыл оқушысы 150 мың доллардың сертификатын жеңіп алды

1386

Ақтөбелік ауыл оқушысы 150 мың доллардың сертификатын жеңіп алды

Ақтөбе облысында тұратын 15 жасар Мөлдір Жұбаева Түркияның кез келген жоғары оқу орнында білім ала алады, деп хабарлайды "Диапазон" газетінің мәліметіне сүйенген Вaq.kz.

Ырғыздық 11-сынып оқушысы үш жылдың ішінде түрік тілін үйреніп, халықаралық конкурста ақын Қадыр Мырзәлиевтің шығармашылығы туралы жобаны қорғады.

, оқушы қыз шығыс әдебиетін сүйіп оқиды, түрік тілін телехикаялардың арқасында үйреніп алған. Ол түрік сериалдарын түпнұсқада көріп, аударып машықтанған екен.

"Ата-анам интернетте көп отыруыма қарсы болды. Алайда таяуда осы жерден халықаралық жобалар туралы оқып-білдім, сөйтіп оған қатысуға шешім қабылдадым, – дейді Мөлдір. – Қатысушылар арасында әлемнің 50 елінің оқушылары болды. Гран-при аламын деп ойлаған жоқпын, өйткені қарсыластарым өте мықты еді, дегенмен мен үздік шықтым. Жеңіске жеттің дегенде, сенген жоқпын. Мені ҰБТ-дан босатты".

Жеңімпазға бас жүлде ретінде 150 мың доллардың сертификаты берілді, ол ауыл оқушысына Түркияның кез келген оқу орнында білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мөлдір Парижге жолдама жеңіп алды. Сынып жетекшісі мен мектеп директорына да Тайланд пен Дубайға жолдама табыс етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу