Оқиға кеше Ақтөбе қаласында болды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама түсіп, оқиға орнына құтқарушылар барды. Үй ішінен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта облыстық полиция департаментінің қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту түскен. Алайда үш адам да ақ халаттылар барғанша мерт болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу