Ақтөбелік кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты

914

Ақтөбелік кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты

Ақтөбелік кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты. Мұнда күніне 300-дей адам ас іше алады. Студенттік билетпен тегін берілетін ас мәзірінде сорпа, макарон, нан, шай мен қант бар. Бір студент бірнеше рет келіп жүрек жалғауына да болады, деп жазады muslim.kz.
Аспаздар күніне екі рет ыстық тағам әзірлейді. Жатақханада тұратын студенттер таңғы асты да осы жерден ішіп жүр. Асхана студенттер үшін өте қолайлы жерде орналасқан. Оның айналасында 3 бірдей ірі оқу орны бар.
Тегін тамақтан бөлек мұнда түрлі тәттілер мен ыстық бәліштер сатылады. Ақылы тағамдардың бағасы да арзан.
Сондай-ақ, кәсіпкер әр сенбі сайын студенттерге арнап тегін шеберлік сағатын өткізеді. Мұнда әр саланың білікті мамандары келіп, дәріс оқиды. Ақтөбеге жан-жақтан келіп, оқып жүрген студенттерді қамқорлығына алған кәсіпкер қайырымдылық шараларын да жиі өткізіп тұрады. "Студенттердің көбісі сырттан келген. Сондықтан күнде тамақ алып, оған ақша жұмсау артық шығын болады. Осы жерде барлығы қолжетімді. Тегін іше алады. Ал, басқа тамақтар алса, олар да қымбат емес", – дейді кәсіпкер Гүлжан Байжарқынова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу