Ақтөбелік кондитерлер Құрылтай сайлауына орай арнайы десерттер шығарды

129

Өңірде алдағы маңызды оқиғаға орай түрлі қызықты бастамалар мен іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.  

Ақтөбелік кондитерлер Құрылтай сайлауына орай арнайы десерттер шығарды Фото: egemen.kz

Солардың бірі – кондитерлердің ерекше идеясы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кондитерлер Құрылтай сайлауына арналған шектеулі десерттер топтамасын ұсынды. Арнайы топтамаға торттар, тәтті өнімдер және ұлттық тағамдардың бірі – жент кірді.

Ақтөбедегі танымал "Ваниль" кондитерлік желісі жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына арналған тәттілердің шектеулі топтамасын шығаруды бастады. Өнімдер алдағы айтулы оқиғаның нышандары қолданылған арнайы үлгіде безендірілді.

"Ваниль" – Ақтөбеден шыққан танымал кондитерлік бренд. Компанияны 2009 жылы кәсіпкер Зәуреш Иркиналинова құрған. Желі табиғи өнімдерден дайындалған пісірмелері, фирмалық торттары және шоколадты жент сияқты дәстүрлі тәттілерінің арқасында танымал болды.

Еске салайық, еліміз үшін маңызды саяси науқанға 4 күн қалды. Жалпы Құрылтай сайлауында 10 мыңнан астам учаске жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу