Ақтөбелік құтқарушылар батып кеткен көлікті судан шығарды

313

Оқыс жағдай Ақтөбенің шетіндегі көпшілік Кривое озеро атап кеткен жерде болған. 

Ақтөбелік құтқарушылар батып кеткен көлікті судан шығарды Фото: Ақтөбе ТЖД баспасөз қызметі

Қала тұрғыны өзенге балық аулауға келген екен. Көлігін жағаға қаңтарып, өзі  қармағын өзенге салып отырған. Кенет көлік өзінен-өзі суға қарай құлап кетеді.

Абдырап қалған қожайыны лезде құтқару қызметіне хабарласыпты.

Абырой болғанда, автомобильдің ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар арнайы техника көмегімен көлікті су астынан алып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу