Ақтөбелік саудагерлер шу шығарды

881

Олар  биліктен сауда-саттықты қайта жандандыруды талап етуде.  

Ақтөбелік саудагерлер шу шығарды

Ақтөбеде "КӨЛ-АВТО"  базарының саудагерлері шу шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша, ай басында арнайы комиссия базарды ашуға рұқсат беріп, екі күннен қайта жауып тастаған. Алайда басқа сауда нысандары өз қызметін жалғастыруда. Саудагерлердің ашуын тудырған да осы. Екі ай бойы үйде отырған кәсіпкерлер, табыс көзінен айырылып тұрмысы қиындағанын айтуда.

Сондықтан олар биліктен базарды жақын арада ашуды талап етуде. Алайда шенділер мұның мүмкін емес екенін  жеткізуде. Қазір карантин талаптарына сәйкес, тек ауыл шаруашылығы техникасына қажетті бөлшек-сауда нүктелері жұмысын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу