Ақтөбелік тұрғын жоқ пәтерлерді жалға беріп, пайда тапқан

251

Алаяқтық құрығына 29 адам іліккен.  

Ақтөбелік тұрғын жоқ пәтерлерді жалға беріп, пайда тапқан Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласының №2 соты танымал хабарландыру сервисі арқылы пәтер іздеушілердің сенімін пайдаланып, пайда тапқан жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам өзіне меншігінде жоқ пәтерлердің суретін жариялап, жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Пәтер жалға алғысы келген азаматтар онымен байланысып, алдын ала төлем аударған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті оны жеке қажетіне жұмсап, кері байланысқа шықпаған.

Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион 136 мың теңге.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Оның заңсыз әрекеттері жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сондай-ақ ақша аударымдарын растайтын банк түбіртектерімен дәлелденді.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("Бірнеше рет жасалған алаяқтық") бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Алайда кейін Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы сотталған азаматқа рақымшылық туралы заңды қолданып, тағайындалған жазаны 2 жыл 3 айға қысқартты.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу