Ақтөбе тұрғыны тісін емдетпесе де 980 мың теңге төлеген

137

Бұл соманы стоматологиялық клиникаға алдын ала толық төлеген. 

Ақтөбе тұрғыны тісін емдетпесе де 980 мың теңге төлеген Фото: dantistclinic.com

2025 жылғы шілде айының соңында Ақтөбе облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Ақтөбе қаласының тұрғыны К. стоматологиялық қызмет көрсетілмегені үшін ақшалай қаражатты қайтарудан бас тарту бойынша шағыммен жүгінді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алайда, қызмет көрсету жұмыстары басталмаған  тіс слепкілері алынбаған, диагностика жүргізілмеген және қажетті материалдар көлемі анықталмаған.

Орындаушы жұмыстың басталғаны немесе материалдардың тапсырыс берілгені туралы сылтаумен ақшаны қайтарудан бас тартқанымен, іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген.

Осыған байланысты тұтынушының өтініші бойынша Департамент мамандары қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, орындаушыға жолданатын талап арызды дайындауға құқықтық көмек көрсетті және оны табыстау тәртібін түсіндірді.

Нәтижесінде, талап арызды алған орындаушы тұтынушыға 980 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты қайтарды. Өз кезегінде тұтынушы бұл соманы банкке қайтарып берді.

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 8-1-бабына сәйкес, сатушы тұтынушымен жасалатын шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) шектейтін талаптарды енгізуге құқылы емес.

Қызмет көрсетілмеген жағдайда ақшаны қайтарудан бас тарту – шарт жасасу кезінде тұтынушының құқықтарын бұзатын жағдай болып табылады.

Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушының құқықтары қолданыстағы заңнама аясында қысқа мерзімде толық көлемде қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу