Ақтөбеліктердің үрейін ұшырған күдікті табылды

494

Құқық қорғаушылар енді алаңдауға негіз жоғын айтады.

Ақтөбеліктердің үрейін ұшырған күдікті табылды Фото: Shutterstock

Әлеуметтік желі арқылы "Шаһар мектептеріне барып, балаларды атамыз"   деген сарында жалған ақпарат таратқан адам жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды",-  делінген ақпаратта.

Естеріңізге салсақ, үрейлі хабарлама таралғаннан кейін полиция білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қолға алған болатын.  Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар тарап, халық біраз дүрлікті. Тіпті, балаларын ертең мектепке  жібермеуге бекінгендер де көп болды. Жұртшылықты әбігерге салуды көздеген мұндай хабарлама бұған дейін Ресейдің бірнеше қаласында да таралған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу