Ақтөбенің алқабын шегіртке жайлады

790

Ақтөбенің үш ауданы – Ырғыз, Шалқар және Әйтеке би аудандарында шегірткенің ошағы бар. 

Ақтөбенің алқабын шегіртке жайлады

Мамандар жәндіктердің азиялық шегіртке мен италиялық прус түрі таралғанын айтып отыр. Алайда егістік алқабына зиян тигізбегенін айтады. Қазір үш ауданның 319 мың га жеріне химиялық өңдеу жасап жатыр. 

"Қазір шегірткелердің шағылып, жұмыртқа салатын кезі. Жұмыртқа салғанан кейін 15-20 күн аралығында жәндіктер өледі. Бір жерді барып отап, егінге зиян келтірді деген дерек жоқ, бәрін бақылап отырмыз. Қазірдің өзінде Әйтеке би ауданында 200 мың га жуық жер өңделді", – дейді облыстық аумақтық инспекция басшысы Дастан Сағыров. 

Химиялық өңдеу жұмыстары шілде айының аяғына дейін аяқталады.

Зада Зейін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу