Ақтөбенің кейбір білім беру ұйымдарына ұлы тұлғалардың аты берілді

1080

Осыған байланысты үкімет №735 қаулысын жариялады.  

Ақтөбенің кейбір білім беру ұйымдарына ұлы тұлғалардың аты берілді

ҚР үкіметінің 2020 жылғы 4 қарашадағы қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының кейбір білім беру ұйымдарына жаңа атау беріліп, кейбірінің атауы өзгертілді.

Мынадай мекемелерге жаңа атау берілді:

1.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 14 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі;

2.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 15 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Есенберлиннің есімі;

3.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 23 орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлімхан Ермековтің есімі;

4.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласының №25 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұзафар Әлімбаевтың есімі;

5.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 35 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Халел Досмұхамедұлының есімі;

6.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 70 жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәлік Ғабдуллиннің есімі;

7.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 71 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлкей Марғұланның есімі;

8.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 73 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұқағали Мақатаевтың есімі;

9.       "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үш тілде оқытатын № 21 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әл-Фарабидің есімі берілсін.

Ал "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда гимназиясы" КММ енді "Исатай Тайманов атындағы гимназия" КММ деп өзгертілді. Сонымен қатар "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда орта мектебі" КММ атауы "Қобыланды батыр атындағы орта мектеп" КММ болып қайта аталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу