Ақтоғай ауданында ит қауып алған бала мерт болды

4953

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында екі баланы ит қауып, біреуі қайтыс болды.

Ақтоғай ауданында ит қауып алған бала мерт болды

1 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне Ақтоғай ауылында екі баланы ит қапқаны туралы ақпарат түсті.

Полиция қызметкерлерімен анықталғандай, 3 және 5 жас аралығындағы екі бала өздерінің үйінің ауласында ойнап жүргенде бос жүрген ит қауып алған. Итке таланған екі баланы дереу арада ауруханаға жеткізген. Алайда ауыр жарақат алған 3 жастағы баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 

"Екінші бала ауруханаға жатқызылды. Аталған факт Ақтоғай аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Дәрігерлердің мәліметінше, ауруханада жатқан 5 жастағы баланың жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Қауып алған ит сол үйдің иті болып шыққан.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу